00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Еліміздегі этнос өкілдері арасында республикалық байқау басталды

28.09.2023 | 08:00
59
Фото: дереккөз

Байқауды «Тіл тағдыры – ел тағдыры» жобасын іске асыру аясында «Болашақ Қазақстанға» қоғамдық студенттік бірлестігі ұйымдастырады, деп хабарлады Elorda.info

 Жоба жетекшісі Бибінұр Шербаеваның айтуынша, «Елім дегендер» байқауы, аймақтық іріктеу және республикалық екі кезеңнен тұрады. Қатысушылар  «Ақындар мүшәйрасы», «Көркемсөз өнері», «Аспаптық өнер», «Дәстүрлі ән» сияқты төрт номинация бойынша бақ сынасады.

Байқауымызға 14 пен 35 жас аралығындағы өзге этнос өкілдерінің жастары қатыса алады. Алғашқы кезеңде біз қатысушылардың қазақ тілін қаншалықты білетінін бағалаймыз. Олар «Ақындар мүшәйрасы», «Көркемсөз өнері», «Аспаптық өнер» немесе «Дәстүрлі ән» номинациялары бойынша өздеріне қатысты ақпаратты бейнеролик ретінде жіберуі шарт. Бейнематериалдардың сілтемесі elimdegender.kz@gmail.com поштасы арқылы 1-20 қазан аралағында қабылданады. Бейнежазбаның ұзақтығы төрт минуттан аспауы қажет. Үздік деп танылған қатысушылар Астана қаласында өтетін байқаудың финалына жолдама алады, - деді «Тіл тағдыры – ел тағдыры» жобасының жетекшісі Бибінұр Шербаева.

«Елім дегендер» байқауы қорытынды кезеңінің жүлде қоры 4 000 000 теңге. Әр аталым бойынша І, ІІ және ІІІ орын иегерлері анықталып марапатталатын болады.

І орын иегерлері мөлшері 500 000 теңгені құрайтын сыйлыққа ие болса, ІІ орын иегерлеріне 300 000 теңгені табыстаймыз. Ал ІІІ орын иегерлері 200 000 теңгелік жүлдені еншілемек, - деді Б.Шербаева.

Барлық жаңалықтар