00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елімізде жерлеу рәсімінің құны шарықтап кетті

12.04.2023 | 19:30
33
фото: ЭК

Қазақстандықтар үшін жерлеу қызметі 25 пайызға қымбаттады. Сондай-ақ, сарапшылар атап өткендей, бір жылда қызмет көрсету көлемі үш есеге өсті, деп хабарлады Elorda.info Finprom.kz-ке сілтеме жасап.

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда жерлеу қызметтерінің көлемі 13,9 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 2,9 есеге артық.

Сонымен қатар, сарапшылардың айтуынша, 2022 жылдың қаңтар-желтоқсанында қайтыс болғандар саны 134,7 мың адамды құрады.

Шамасы, бұл саладағы қызмет көрсету көлемінің өсуі бағаның күрт өсуіне байланысты.

2023 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша жерлеу қызметтері бір жылда бірден 24,6%-ға қымбаттады. Салыстыру үшін: өткен жылдың наурызында өсім 9,3%, 2021 жылдың наурызында - 6,1%, 2020 жылдың наурызында - 2, 2 %, - деп жазылған хабарламада.

Өңірлік бөліністе жерлеу қызметтерінің құны жыл ішінде айтарлықтай өсті:

Маңғыстау облысында – 61,8%-ға;

Қызылорда облысында – 59,1%-ға;

Солтүстік Қазақстан облысында – 52,7%-ға.

Сондай-ақ Ақтөбе мен Жетісу облыстарында жерлеу қызметтері 1,5 есеге қымбаттады.

Саладағы барлық қызметтердің ең азы Батыс Қазақстан (4,9%-ға), Ұлытау (10%-ға) және Ақмола (10,1%-ға) облыстарында қымбаттады. Атырау, Қостанай және Түркістан облыстарында, сондай-ақ елордада ғұрыптық қызметтердің құны өзгеріссіз қалды.

Барлық жаңалықтар