00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде төсек-орын жабдығының өндірісі өсті

03.05.2023 | 23:00
12
фото: New Africa / Shutterstock / Fotodom

2022 жылдың 12 айында Қазақстанда төсек-орын жабдығының өндірісі айтарлықтай өсті, жылдық өсім 2,3 есеге жоғары, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, үй шаруашылығына арналған дайын тоқыма бұйымдарының өндірісі (киімнен басқа) 51,6%-ға артты. Сондай-ақ, тоқымалы емес материалдар және одан жасалған бұйымдар өндірісі (киімнен басқа) 80,2%-ға өсті, өндіріс көлемі – 4,5 млн м2.  

Бұл ретте өткен жылдың 12 айында мақта-маталы маталар өндірісі 43,6%-ға төмендеді. Мәселен, заттай мәнде 2022 жылы қазақстандық мата өндірісінің көлемі 11,5 млн м2 құраса, 2021 жылы 20,5 млн м2 болған.

Барлық жаңалықтар