00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде «Сот жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін» медалі болады

14.04.2023 | 14:00
40
фото: gov.kz

Сот жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан азаматтарын марапаттауға арналған жаңа награда бекітілмек, деп хабарлады Elorda.info.

«ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, ҚР Конституциялық сотының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесінде:

«Медальдар»: деген кіші бөлімде:

«1-тармақ ҚР Жоғарғы соты» деген бөлімде мынадай редакцияда жазылсын:

«4) «Сот жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған Президент Жарлығының жобасында.

Мәдениет және спорт министрлігі берген түсіндірмеде көрсетілгендей, аталған награда сот жүйесінің дамуына үлес қосқан ел азаматтарын көтермелеу мақсатында бекітілмек.

Жобаның мақсаты – қызметкерлерді, судьяларды, сот ардагерлерін, сондай-ақ сот жүйесінің дамуына үлес қосқан, басқа да тұлғаларды ынталандыру мақсатында жаңа ведомстволық награданы белгілеу. Жоба үнемделген қаражат есебінен іске асырылады, - деп түсіндірме берілеген Жарлық жобасына.

Құжат 27 сәуірге дейін көпшілік талқылауында болады. Кейін Үкімет қаулысымен Президенттің қарауына енгізіледі.

Барлық жаңалықтар