00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елімізде несиені өтеуге көмектесетін кеңселер іске қосылады

31.10.2023 | 14:00
37
фото: egemen.kz

Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Республикалық маңызы бар 3 қалада және еліміздің 17 өңірінде халықпен тікелей жұмыс істейтін өңірлік жобалық кеңселер құрылуда. Әкімдіктер жобалық офистердің жұмысы үшін қажетті ғимараттар мен материалдық-техникалық базаларды бөледі. Оған банктер қаржылық жағынан ықпалдасады. Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының студенттері үшін қаржылық сауаттылық курстарын енгізу пысықталуда.  Оқушылар үшін арнайы курс әзірленуде. Ол үшін тиісті әдістемелер мен оқу құралдары дайындалатын болады.  Нәтижесінде осы бағыт шеңберінде 750 мың оқушы мен студенттерді оқыту жоспарлануда, – деді Ерұлан Жамаубаев.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер «Ауыл Аманаты»бағдарламасы шеңберінде несие алу үшін тұрақты негізде кеңестер береді. 

Барлық жаңалықтар