00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Ұн тағы да қымбаттады

31.10.2023 | 13:00
39
фото: naryk.kz

Биыл қаңтар–қыркүйекте дәнді және өсімдік дақылдарынан жасалған ұн қоспаларын өндіру бір жылда 2,1 пайызға өсіп, 2,4 млн тоннаны құрады, деп хабарлады Elorda.info.

Отандық ұн тартушылар қаңтар–тамыз айларында сектордағы сұраныстың 98,6 пайызын қамтамасыз етті. Импорт бар болғаны 1,4 пайызды құрады.

Биыл қыркүйектің соңында ұн бағасы бір жыл ішінде 1,5 пайызға өсті. Бұл ретте бір жыл бұрын 43,1 пайыз өсім байқалған. Айта кетейік, ұн 10 жыл қатарынан қымбаттап келеді.

Елімізде 20 өңірінің 11-де ұн қымбаттады. Баға Атырау облысында айтарлықтай өсті. Одан кейін Алматы және Қызылорда облысы. Бағаның ең аз өсуі Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында байқалды. Республиканың қалған 9 өңірінде ұн бағасы төмендеді: Жетісу облысында 1,8%-ға Алматы облысында 12,8%-ға дейін арзандады.

Барлық жаңалықтар