00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елімізде көші-қон заңнамасын бұзудың 3 мыңнан астам дерегі тіркелді

13.03.2024 | 12:43
66
Фото: ашық дереккөз

Полиция шетелдіктердің тұратын жерлерін, құрылыс нысандарын, базарларды, жалдамалы жұмысшыларды пайдаланатын ұйымдарды және жұмыс берушілерді тексеруде. 

Операцияның екі күнінде көші-қон заңнамасын бұзудың 3 093 дерегі анықталды. 207 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін, сондай-ақ полицияны өздеріне келген шетелдіктер туралы уақтылы хабардар етпегені үшін 1 117 жеке және заңды тұлға жауапқа тартылды.

Көші-қон заңнамасын бұзушыларды елімізден шығарып жіберу туралы 344 сот шешімі шығарылды. 39 шетелдік ел аумағынан мәжбүрлеп шығарылды. Олар енді Қазақстанға бес жылға дейін кіре алмайды, - делінген хабарламада. 

Көші-қон ахуалын талдау барысында шетелдіктердің елімізге заңды түрде кіретіні, тек кей жағдайда көші-қон заңнамасын бұзушылар санатына ауысатыны және бұған Қазақстан азаматтарының көмектесетіні анықталды.

Көші-қон заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және анықтау бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Барлық жаңалықтар