00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде әйелдер қай салаларда көбірек жұмыс істейді?

06.03.2024 | 10:32
65
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда түрлі салаларда 4 370 715 әйел жұмыс істейді, бұл жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 48,3%. 

Егер 3,4 млн әйел жалданып жұмыс істесе, 940 мың әйел – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Салалар бөлінісінде әйелдердің басым бөлігі білім беру саласында жұмыс істейді – барлық жұмыспен қамтылған әйелдердің 20%, көтерме және бөлшек саудада – 19,6%, ауыл шаруашылығында – 9,7%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында 9,6%, өнеркәсіпте жұмыс істейтін әйелдердің 7,8% еңбектенеді. 

Әйелдердің ең аз саны ақпарат және байланыс саласында тіркеліп отыр, барлық жұмыспен қамтылған қыз-келіншектердің 1,6%.

Барлық жаңалықтар