00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елімізде ет тұтыну көбейді

04.11.2023 | 08:30
69
фото: egemen.kz

Биыл екінші тоқсанда елімізде ет және ет өнімдерін тұтыну бір адамға орта есеппен 19,7 келі болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5%-ға көп, деп хабарлады Elorda.info.

Energyprom.kz мәліметінше, қазақстандықтар сиыр етін ең көп тұтынды. Екінші және үшінші орындарда жылқы еті және қой еті тұр.

Атырау облысының тұрғындары ет пен ет өнімдерін ең көп жейтіндер қатарында. Екінші және үшінші орындарда Ақмола мен Маңғыстау облыстары бар.

Биыл қыркүйекте ет және ет өнімдері бір жыл ішінде 8,6%-ға қымбаттады. Оның ішінде ет пен құс еті 8,3%-ға, шұжық өнімдері 9,9%-ға қымбаттады.

Ет және ет өнімдері ең қатты қымбаттаған өңір Ақмола облысы. Одан кейін Алматы облысы және Астана қаласында қымбаттаған. Ең аз жылдық баға өсімі Шымкентте байқалды.

Барлық жаңалықтар