00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде қанша ұлт өкілі тұрады

30.04.2023 | 17:30
115
фото: Ұлттық статистика бюросы

Бүгінгі таңда Қазақстан халқының саны 19 808 430 адамға жетті, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. 

Оның ішінде 70,6% – қазақтар, орыс халқының үлесі – 15,1%, өзбектер – 3,2%, украиндар – 1,9%, ұйғырлар – 1,5%, немістер – 1,1%, татарлар – 1,1%, әзербайжандар – 0,7%, кәрістер – 0,6% және басқа ұлттар.  

Қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,5 млн, орыстардың жалпы санынан көпшілігі Алматы қаласында тұрады – 428 мыңы, өзбектер Түркістан облысында – 378 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 86 мың, 297 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматы облысында – 120 мың адам.

Біздің елімізде гагауздар, лезгиндер, құмықтар, аварлар сияқты этностардың да өкілдері бар, Қазақстанда бір шаңырақ астында барлығы 124 ұлт өкілі тұрады. 

Барлық жаңалықтар