00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде қай өңір тұрғындары көп темекі шегеді

13.06.2023 | 20:00
45
фото: stan.kz

Биыл қаңтар-сәуір айларында елімізде 5,1 млрд дана темекі және осыған ұқсас басқа да табак өнімдері өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 4,8%-ға аз, деп хабарлады Elorda.info Naryk.kz-ке сілтеме жасап.

Жалпы, 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда секторда шығарылған өнім 17,4 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 7,9%-ға көп.

Биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар темекі мен папиросқа сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) бір жыл бұрынғы 80,6 пайыздың орнына 79,7 пайыз қамтамасыз етті. Импорт сәйкесінше 20,3 пайызды құрады. Сандық мәнде импорт былтырғымен салыстырғанда 0,7%-ға өсіп, 927,6 млн данаға жетті. Бұл ретте Қазақстан өз ресурстарының 19,3 пайызын немесе 882,9 млн дана темекі мен басқа да табак өнімдерін экспорттады, бұл бір жыл бұрынғыдан 36,9%-ға артық, – делінген ақпаратта. 

Ішкі нарықта сатылым 10,1%-ға азайып, 3,7 млрд дана темекі мен папирос сатылды. 

2022 жылы елдегі әрбір орташа үй шаруашылығы темекі өнімдеріне 44,8 мың теңге жұмсады, бұл бір жыл бұрынғыдан 10,8%-ға артық.

Өңірлер бойынша Павлодар облысының үй шаруашылықтары ең көп шығындалған: бір шаруашылыққа орта есеппен 83,1 мың теңге, жылдық өсім 13,3%. Солтүстік Қазақстан (77,2 мың теңге, 9,6% көбейген) және Шығыс Қазақстан (71,9 мың теңге, 24,8% көбейген) облыстары да ең көп темекі шегушілер үштігіне енді. Шымкент тұрғындары темекі өнімдеріне ең аз жұмсаған: бір үй шаруашылығына жылына орта есеппен небәрі 8,8 мың теңге, жыл сайынғы өсім 14,2 пайыз, – делінген ақпаратта.

Еске салсақ, биыл мамыр айының қорытындысы бойынша, темекі бір жылда 17,9% қымбаттады. Бағаның ең көп өсімі Астанада байқалды: 23,2%. Одан кейін Алматы (21,1%) және Солтүстік Қазақстан облысында (20,8%).

Баға ең аз өскен өңірлер Ақмола (12,8%), Қарағанды ​​(13,9%) және Абай (16,2%) облыстары.

 

 

Барлық жаңалықтар