00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елімізде 18 жасқа дейінгі балалар ата-анасының рұқсатынсыз әлеуметтік желілерге тіркеле алмайды

24.05.2023 | 14:00
41
фото: pexels.com

Бұл туралы Құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлады Elorda.info.

Жоба еліміздегі балалар арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында қолға алынбақ.  Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған «Бала қорғау» кешенді жоспарынан белгілі болды.

Мұнда Instagram, Facebook, WhatsApp, ВКонтакте платформаларында кәмелетке толмағандарды заңды өкілдердің рұқсатынсыз тіркеуді шектеу жөнінде шаралар қабылдау 2025 жылғы 1 тоқсанға жоспарланғаны жазылған. Бұл бастамаға Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Ақпарат және қоғамдық даму, Оқу-ағарту министрліктері жауапты болады.

«Бала қорғау» кешенді жоспарындағы мәліметке сәйкес, елімізде жасөспірімдер арасында қылмыстық жағдай күрделене түскен. 2021 жылы 1529 қылмыс тіркелсе, 2022 жылы оолардың саны 12 пайызға артып, 1735-ке жеткен. Мұндай құқық бұзушылықтар, әсіресе, Алматы қаласы, Батыс Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстарында жиі тіркеледі.

Құжат жобасы 6 маусымға дейін жария талқылауда болады.

Барлық жаңалықтар