00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Еліміз ең төменгі жалақы бойынша нешінші орында

07.11.2023 | 13:00
59
фото: egemen.kz

Қазақстан ең төменгі жалақы бойынша Африка мен Азиядағы кедей елдермен шамалас, деп хабарлады Elorda.info Finprom.kz-ке сілтеме жасап.

ХЕҰ деректеріне сүйенсек, 2022 жылға арналған ең төменгі жалақы бойынша қазіргі мәліметтерді жариялаған 109 мемлекеттің рейтингінде еліміз 128 АҚШ долларын құрайтын ең төменгі жалақымен 77-орынға ие болды. Рейтингте Қазақстаннан кейін Кения және Непал тұр.

Рейтингтің басында Швейцария, бұл елдің тұрғындары 41 сағаттық жұмыс аптасында айына кемінде 4,2 мың АҚШ долларын табады. Швейцарияда сағатына ең төменгі жалақы 25 АҚШ долларын құрайды. Үздік бестікке Аустралия, Люксембург және Ұлыбритания кірді.

Қазақстанның жақын көршілері, басқа посткеңестік мемлекеттер ең төменгі жалақы бойынша аса қатты ерекшеленбейді.

Барлық жаңалықтар