00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Еңбек министрлігі өтемақы төлейтіні рас па?

12.02.2024 | 10:19
52

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға Еңбек министрлігі тарапынан өтемақы төленетіні туралы жалған ақпарат таратылуда. Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.

Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара байланысқа түсуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз, - делінген ақпаратта.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз.

Айта кетейік, жалған ақпарат тарату заңмен жазаланады.

Барлық жаңалықтар