00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Еңбек мигранттарының көшін Қытай бастап тұр

25.07.2023 | 08:30
29
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстан аумағында 14 762 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлады Elorda.info.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде шетелдік жұмыс күшін тартуда басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 537 рұқсат, құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 751рұқсат берілген. Шетелден келушілердің негізгі бөлігі мамандар және білікті жұмысшылар санаттарына жатады. Олар 6 598 және 833 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 940 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 103 адам тартылды. 

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 751 жұмыс беруші бар. Оларда 433,4 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96% - ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 204 адам (35%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 895 адам (13%), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 346 адам (9%), өңдеу өнеркәсібі – 1 128 адам (7%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 850 адам (6% ).

Министрлік берген мәіметке сенсек біздің елге келіп нәпақа табатын шетеледік азаматтардың көшін саны жағынан шығыстағы көршіміз бастап тұр екен. 

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 729  адам (25%), Өзбекстан – 1 967 адам (13%), Үндістан – 1 461 адам (10%), Түркия – 1 454 адам (10%).

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді,-делінген ведомство таратқан ақпартта. 

Барлық жаңалықтар