00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Дархан Қыдырәлі: Дін хайптың құралына айналмай, дұрыс насихатталуы керек (ВИДЕО)

26.05.2023 | 21:00
54
Фото: видеодан скриншот

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Сұрауы бар» YouTube арнасына берген сұхбатында дін хайптың құралына айналмай, дұрыс насихатталуы керек екенін айтты, деп хабарлады Elorda.info

Stan.kz сайтының жазуынша, министр дін тақырыбын білімі бар азаматтар қозғау керек екенін жеткізген. 

Қазақта «Дүмше молда дін бұзар» деп бекер айтпаған. Дін – өте нәзік мәселе. Мұны арнайы білімі бар азаматтар қозғауы керек. Бізде бұл салада жақсы пәтуа, қоғам өміріне пайдалы мәліметтерді мүфтияттың сайтынан, олар шығарған ақпарат көздерінен байқауға болады. Жақында суицид туралы және электронды темекі, құмар ойыны туралы пәтуа шығарды. Бірақ бұл бірде елге жетеді, бірде жетпейді, – деді ол.

Сондай-ақ Дархан Қыдырәлі елге белгілі азаматтардың дін тақырыбын хайпқа айналдырғысы келетінін жеткізді. 

Біздің жұлдыздарымыз, елге белгілі азаматтар бұл мәселенің тартымды тақырып екенін көріп, хайпқа айналдырғысы келетін шығар. Бірақ бұл - қауіпті. Тіпті кейде есімдері елге белгілі, филология мен философияны білетін азаматтар да өзге, жат ағымдарды насихаттап жатқанын көріп, қарнымыз ашады, – деді ол. 

Барлық жаңалықтар