00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізілді

02.02.2024 | 14:13
40
фото: www.gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек су саласының мамандықтары мәселелері бойынша бірлескен кеңес өткізді. Кездесуге жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері де қатысты.

«Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, оған «Гидрогеология», «Су ресурстары» және Су қауіпсіздігі» секілді су саласының мамандықтары қосылды. Нәтижесінде, биылдан бастап қазақстандық студенттер аталған мамандықтар бойынша шетелде білім ала алады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 10 оқу орны су саласының мамандарын даярлайды. Ал қазіргі уақытта су мамандықтары бойынша 2500-ге жуық студент оқиды.

«Біз үшін су саласы мамандығын тартымды ету маңызды. 2024 жылдың басынан бері су шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 22% - ға өсті. Бұл Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген іс-шаралардың арқасында мүмкін болды. Сонымен қатар, отандық су саласының кадрлық әлеуетін арттыру үшін министрлік су шаруашылығы мамандарын қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жоспарлап отыр»,- деді Нұржан Нұржігітов.

 

Барлық жаңалықтар