00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Биыл жылу желілерін жөндеуге 109,5 млрд теңге бөлінген

31.08.2023 | 02:30
52
фото: Оңалхан Өнерхан

2023 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 133 км жылу желілерін жөндеу жоспарланған, деп хабарлады Elorda.info Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап. 

Бүгінде республика бойынша шамамен 14 мың км жылумен жабдықтау желілері бар, олардың орташа тозуы 54%. Қазір барлық өңірде алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Биыл 133 км жылу желілерін жаңғыртуға министрлік республикалық бюджеттен 109,5 млрд теңге бөлді.

Айта кету керек, Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2030 жылға қарай жылу желілерінің тозуын 43% - ға дейін төмендету міндеті тұр.

Барлық жаңалықтар