00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Биыл елімізде 120 мыңнан астам көлік сатылды

16.10.2023 | 09:00
40
фото: ult.kz

Биыл қаңтар-тамыз айларында машина жасаудағы шығарылым көлемі 2,6 трлн теңге болды, деп хабарлады Elorda.info. 

Energyprom.kz мәліметінше, сектордағы шығарылымының жартысына жуығын отандық автоөнеркәсіп қамтамасыз етеді, яғни 8 айда 1,2 трлн теңге.

Жалпы өңдеу өнеркәсібі бойынша өндірістің нақты өсімі – 3,1пайыз. Бұдан бөлек машина жасау өңдеу өнеркәсібі өңдеуші өнеркәсіптегі жұмыскерлердің жалпы тізімдік санының 22 пайызын қамтамасыз етеді. 

Автоөнеркәсіп шығарылымының негізгі көлемі Қостанай облысы мен Алматыға тиесілі. Одан кейін Қарағанды, Ақмола және Абай облыстарының өндірушілері қамтамасыз етті. 

8 айда елімізде 97,3 мың автокөлік құралы шығарылса, 120,3 мың автокөлік сатылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60,5 пайызға артық.

Барлық жаңалықтар