00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Биыл балалар лагері 26 пайыз артық бала қабылдады

10.10.2023 | 16:00
55
фото: egemen.kz

Биыл бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша елімізде 116 балалар лагері жұмыс істеді. Олардың саны бір жылда небәрі 1,8 пайызға өсті, деп хабарлады Elorda.info.

Өңірлер бойынша ең көп балалар лагерлері Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Ал Атырау және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Астанада бірде-бір балалар лагері жоқ.

Биыл 116 балалар лагерінде 4,4 мың нөмір жұмыс істеді, ол былтырғымен салыстырғанда 4,8 пайызға көп. Жарты жылда балалар лагерлеріне 33,5 мың адам барған. Ол былтырғымен салыстырғанда 26,4 пайызға көп. 

Ақмола облысының балалар лагерлерінде ең көп келушілер болған. Онда 13,6 мың бала демалған. Одан кейін Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.Шымкенттегі балалар лагерлерінде керісінше келушілердің саны аз болған. 

Барлық жаңалықтар