00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Биыл 18 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

23.11.2023 | 07:30
46
Фото: ашық дереккөз

Жыл басынан бері 17 903 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлады Elorda.info

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл Қазақстанға келген қандастардың жартысы (53,8%) Өзбекстаннан, 19% – Қытайдан, 11% – Моңғолиядан, 7,6% – Ресейден, 6,5% – Түрікменстаннан және 2,1% басқа елдерден.

1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,7%, еңбекке қабілетті жастан кіші 30,7% және зейнеткерлер 8,6%.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,3%-ы – жоғары білімді, 34,5%-ы – орта кәсіби білімді, 41,7%-ы – жалпы орта білімді және 8,5% білім жоқ, - делінген министрлік ақпаратында.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (241,5 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (51,7-ден 103,5 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.

Жыл басынан бері 1 254 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 522 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 1 254 адам біржолғы субсидия алды, ал 513 қандасқа тұрғын үй шығындары субсидияланды.

Барлық жаңалықтар