00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Бір тойда екі бөтелке арақ ішіп кетемін»: Танымал актер жан сырын бөлісті (ВИДЕО)

16.05.2023 | 12:30
57
Фото: altaynews.kz

Актер Алмат Сақатов «Бауыржан шоу» театры тарап кеткенде ішімдікке салынып кеткенін айтты, деп хабарлады Elorda.info 

Бұл туралы оның «Базарlike» бағдарламасына берген сұхбатынан белгілі болды. 

«Бауыржан шоу» тарағаннан кейін менде рухани дағдарыс басталды. Бір кездері дүркіреп, бүкіл республиканы аузына қаратып жүрген театр тарады да кетті. Басқа барар жер де жоқ. «Шаншардың» өз жігіттері бар, «Тамашаның» ол кездегі деңгейі төмен еді. Тамада болып ақша таптым. Аптасын үш-төрт мың долларға үш-төрт тойға шығып жүрдім. Содан ішу басталды. Апталап үйге қонбай кеттім. Тойға барғанда бірінші көзім араққа түсетін. Бір тойда екі бөтелке ішіп кетемін, — деді актер.

Алмат Сақатов күйзелістен киноға шақырту алу алып, сүйікті ісімен айналысу арқылы шыққанын жасырмады.

Бір күні режиссер Жайна Әбдиева хабарласып, «Қара шаңырақ» атты сериал түсіріп жатқанын, сол жерден маған бір рөл беретінін айтты. Барсам, менің табиғатыма келеді екен. Сол кезден бері кино саласында келе жатырмын. Дағдарыстан да шықтым, — дейді актер.

Барлық жаңалықтар