00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Балық өсіру кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысы екі есе өседі

11.04.2023 | 16:00
42
Фото: ашық дереккөз

Бүгінгі таңда Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы мемлекеттік балық өсіру кәсіпорындарының қатардағы қызметкерлерінің жалақысы шамамен 90 мың теңгені құрайды, бұл Қазақстандағы ең төменгі жалақыға жақын, деп хабарлады Elorda.info.

Балық өсіру кәсіпорындарындағы жұмысшылардың қызметінің ерекшелігі мен ауыр физикалық еңбегін ескере отырып, қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесі шындыққа және олардың саланы дамытуға қосқан үлесіне сәйкес келмейді.

Осыған байланысты, тұрақты еңбек ұжымын қалыптастыру және жас мамандарды тарту арқылы кадрлық әлеуетті нығайту үшін кәсіпорындардың салалық қызметкерлерінің жалақысын арттыру мәселесі пысықталды.

1 шілдеден бастап жалақының 2 есе өсуі күтілуде.

Барлық жаңалықтар