00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Бұрынғы қазақстандық содырдың жеті жасар қызы Сириядан елге қайтарылды (ВИДЕО)

14.04.2023 | 19:30
34
Фото: видеодан скриншот

Жеті жасар қыз Сириядан Қазақстанға қайтарылды. Оны қайтару операциясы жарты жылдан астам уақыт бойы жүргізілді, деп хабарлады Elorda.info ҰҚК ресми сайтына сілтеме жасап. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ шетелдік серіктестерімен бірлесіп, азаматтарды террористік белсенділік аймақтарынан қайтару бойынша қарқынды жұмысты жалғастыруда. 

Ведомствоның ақпаратынша, 2023 жылғы 11 наурызда Сириядан Қазақстанға бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жастағы қызы қайтарылды. Оны қайтару бойынша гуманитарлық операция жарты жылдан астам уақыт бойы жүргізілген. Қазіргі уақытта бала Астана қаласының Балаларды қолдау орталығында, психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық. Бүгінде ол медициналық тексеруден өтіп жатыр, оны бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізілуде. Жақын уақытта ол туыстарының қамқорлығына беріледі. 

Ведомство мәліметінше, 2019 жылдан бастап ҰҚК террористік белсенділік аймақтарынан 518 кәмелетке толмаған баланы, оның ішінде 34 жетім баланы Отанымызға қайтарды. 

Барлық жаңалықтар