00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстандықтардың 86 пайызы жақындарының темекі өнімдерін пайдалануына қарсы емес - зерттеу

14.12.2023 | 16:00
37
фото: gov.kz

Темекі бір жылда 20%-ға қымбаттады, деп хабарлады Elorda.info Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

2023 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанда 15 млрд темекі, сигара, папирос және осыған ұқсас басқа да өнімдер шығарылды. Бұл бір жыл бұрынғымен бірдей дерлік — небәрі минус 0,1%. Бұл ретте темекі өнімдерін шығару көп жылдар бойы Алматы облысында шоғырланған.

Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында жергілікті компаниялар өз өнімдерінің 45%-ын ішкі нарыққа және экспортқа өткізсе, қалған 55%-ын импорт құрады. Қараша айының қорытындысы бойынша темекі бағасы жылдық динамикада 19,7% қымбаттады.

Өңірлер бойынша бағаның ең көп өсім Қостанай (жылына 27,6%), Батыс Қазақстан (25,7%) және Солтүстік Қазақстан (24,4%) облыстарында байқалды. Бағаның ең аз жылдық өсімі Алматы облысында тіркелді: 16,3%.

2023 жылдың шілдесінде қазақстандықтар арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, респонденттердің 86,4%-ы отбасы мүшелерінің темекі өнімдерін пайдалануына қарсы емес, 6,8%-ы қарсы, тағы 6,8%-ы жауап беруге қиналған.

Темекі өнімдеріне салынатын салықтың көтерілуіне қатысты сауалнамаға қатысқандардың 55,5%-ы бұл шараға келіссе, 24,8%-ы қарсы.

Жұмыс орындарында, қоғамдық тамақтану орындарында және қоғамдық көлікте темекі шегуге толық тыйым салатын заңға қатысты пікірлер мынадай: респонденттердің 71,8 пайызы мұндай заңды қолдап, 11,5 пайызы қарсы болған.

Барлық жаңалықтар