00:00
Астана -10oC
USD:
473.15
EUR:
515.12
RUB:
5.4
Іздеу

Қазақстандықтар несие алудан ерікті түрде бас тарта алады

31.08.2023 | 11:00
122
Фото: ашық дереккөз

Несие алудан ерікті түрде бас тарту туралы өтінішті eGov мобильді қосымшасында және eGov.kz порталында беруге болады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қоғаммен байланыс басқармасы мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Енді әр қазақстандық несие мен шағын несие алуға өз атынан ерікті түрде тыйым сала алады. Оны eGov mobile мобильді қосымшасындағы және eGov.kz электронды үкімет порталының жаңа сервисін қолдану арқылы жасауға болады.

Сервиске өтінішті азаматтың өзі ғана толтыра алады. Несиелер мен шағын несиелерді алуға тыйым салу 6 айға белгіленеді және бұл мерзім аяқталғаннан кейін автоматты түрде тыйым алынып тасталады. Сондай-ақ бұл шектеулерді кез келген уақытта ерікті бас тарту қызметін көрсетуді мерзімінен бұрын тоқтатуға өтініш беру арқылы алып тастауға болады

Бірінші кредиттік бюросымен бірлесе біз несиелер алуға ерікті түрде тыйым салу қызметін іске қостық. Бұнда несиеден өз еркімен бас тартуға азаматтың өзі ғана жүгінеді және өз бетімен бас тарта алады. Осы арқылы біз еліміздің азаматтарына заңсыз несие алуға тырысатын көптеген алаяқтардан қорғауға көмектескіміз келеді, - деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Айта кеткен жөн, дәл осындай сервис Бірінші кредиттік бюроның (БКБ) сайтында ақылы түрде қолжетімді. «Электрондық үкімет» порталында өтініш берген кезде БКБ қызметіне жарамды өтінімнің бар-жоғына тексеру жүргізіледі. Мысалы, егер бұрын ол жерде сұрау болмаған болса, онда тыйым салуды орнатуға өтініш беру керек. Сұраныс болса, оны тоқтау (қалауы бойынша) болса, оны тоқтату туралы өтініш беруге болады.

Несие алудан ерікті бас тарту қызметі eGov mobile мобильді қосымшасының басты бетіндегі «Танымал қызметтер» бөлімінде қолжетімді. Дәл осы қызметті eGov.kz порталының «Азаматтарға» - «Кеден және салықтар» - «Экономика және қаржы» бөлімінен алуға болады.

Айта кетейік, бұл сервис жеке тұлғаның банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуды жою құқығын біріктіруді көздейді және қарыз алушының несие тарихында несие алудан ерікті түрде бас тарту туралы мәліметтер болған жағдайда, банктер мен микроқаржы ұйымдарына жеке тұлғаға несие беруге тыйым салуды енгізуге әзірлеген заңнамалық актілерге түзетулер шеңберінде жүзеге асырылды.

Бұл ретте мыналарды ескеру қажет:

  • сервис үшінші тұлғалардың несие алу мүмкіндігін мүмкіндігінше шектейді, қаржы институттарын азаматтың несие беруге тыйым салынғаны туралы хабардар етеді, бірақ несиенің берілмеуіне толық кепілдік бермейді;
  • жеке тұлғаның өтелмеген міндеттемелері/ белсенді қарызы бар қаржы институттары ол туралы ақпаратты сұраған кезде бұл жеке тұлғаның несиелерді өңдеу үшін оның деректеріне қол жеткізуді шектегені туралы қосымша ақпаратты алады;
  • несие беру туралы шешімді несие беруші дербес және өз қалауы бойынша қабылдайды;
  • сұралған несиелік өтінімдердің мәліметтерін пайдаланушы Бірінші несиелік бюроның www.1cb.kz сайтындағы жеке кабинетінде көре алады.

Аталмыш сервис ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитетінің, Бірінші кредиттік бюро және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ақпараттық жүйелерінің интеграциясы арқасында қолжетімді болды.

Барлық жаңалықтар