00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Қазақстандықтар 100 млрд теңгеден астам ақшасын құмар ойынға жұмсаған

02.06.2023 | 15:30
44
фото: stan.kz

Бұл туралы Астанадағы мәселелер картасын таныстырған Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық статистикаға сәйкес, 2019 жылмен салыстырғанда былтыр құмар ойындар мен бәс тігу қызметтерінің көлемі 40 есеге өсті. Соңғы 2 жылда құмар ойындар нарығы жылжымайтын мүлік нарығын басып озып, қазақстандықтар ең көп жұмсайтын жетекші орынға ие болды. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында ғана халықтың шығыны 100 млрд теңгеден асты. Бұл кітапханалар мен мұражайларға қарағанда 70 есе, шығармашылық пен өнерге қарағанда 50 есе, IT қызметтеріне қарағанда 5 есе және жылжымайтын мүлік операцияларына қарағанда 2 есе көп, - деді Марат Ахметжанов.

Барлық жаңалықтар