00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Аяқ киім бағасы бірден 13 пайызға өсті

14.11.2023 | 13:00
77
фото: cleverence.ru

Биылспорттық, қорғаныс және ортопедиялық аяқ киімдерді қоспағанда былғары аяқ киім өндірісі 1,2 млн жұпты құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4% артық, деп хабарлады Elorda.info.

Energyprom.kz мәліметінше, отандық өндірушілер спорттық, қорғаныс және ортопедиялық аяқ киімдерді қоспағанда, былғары аяқ киімге деген сұраныстың тек 3,1 пайызын ғана қамтамасыз етті. Импорт тиісінше 96,9 пайызды құрады.

Биыл қазанның соңында етік, кебіс және басқа да аяқ киім бағасы бір жыл ішінде 13,2 пайызға өсті. Ал былтыр бағаның жылдық өсімі 16,6 пайыз  болды.

Өңірлер ішінде аяқ киім бағасының айтарлықтай өсуі Маңғыстау облысында байқалды. Одан кейін Түркістан және Жамбыл облыстары тұр. Бағаның ең аз өсуі Жетісу облысында тіркелді. Одан кейінгі орында Ақмола және Ұлытау облыстары тұр.

Бір жылда балалар аяқ киімі 14,7 пайызға қымбаттады.  Әйелдер аяқ киімі 13,2 пайызға, ерлердікі 12,4 пайызға өсті. 

Барлық жаңалықтар