00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Ата-аналар баласынан бас тартып жатады – полиция майоры

25.05.2023 | 11:00
56
Фото: Оңалхан Өнерхан

Жылдамдық пен тез шешім қабылдау форма киген құқық қорғау саласы мамандарының басты қасиеттерінің бірі. Олар халықпен дұрыс қарым-қатынас құрып, кез келген жағдайда сыпайы әрі ұстамды болуы қажет. Мұндай қасиеттерді бойына жинаған мамандар құқық қорғау саласында да аз емес. Солардың бірі – Астана қаласы Есіл аудандық Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Ұлбосын Мұсабекова. Elorda.info тілшісі Астанадағы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс істеп жүрген маманмен әңгімелесті.

25-9.jpg

Бұл – Ұлбосын Мұсабекованың күнделікті атқаратын жұмысы. Ол өзі қызмет ететін аумақтағы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Жасөспірімдер мен кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша көптеген жұмыс атқарамыз. Біріншіден, мектептер мен балабақшаларда әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу немесе болдырмау мақсатында түрлі дәріс оқимыз. Оған қоса, күн сайын профилактикалық іс-шаралар өткіземіз, - деді полиция майоры.

25-10.jpg

Ұлбосын Мұсабекова жасөспірімдермен қарым-қатынас құру кезінде олардың барлығын өзіне жақын тартып, ерекше мейіріммен қарайтынын айтады. 

Жұмыс барысында әртүрлі жағдай болады. Қатал болатын тұста қаталдық танытып, қажет болса кешірімшіл бола қаламыз, - деді ол жымиып.

Маман жұмыс барысында адамдармен жылы сөйлесіп, дос, сырлас болуға тырысатынын айтады.

Мен Полиция басқармасында есепте тұрған кәмелетке толмағандармен жұмыс істеймін. Оларды мекен жайы бойынша тексеру жұмыстары, әкімшілік істер болған жағдайда сотқа дайындау, өз міндетін орындамайтын ата-аналарды анықтау, оларды есепке алу бойынша жұмыстармен айналысамын, - деді ол.

25-5.jpg

Маман бұл салада бірқатар қиындық барын жасырмады.

Жұмыс барысында түрлі жағдайларды кездестіреміз. Ең қиыны кейбір ата-ана бауыр еті баласынан бас тартып жататын жағдайлар болады. Әсіресе, сол сәт мен үшін өте қиынға соғады, - деді Ұлбосын Мұсабекова.

Құқық қорғау саласы қызметкерлерінің жұмысы оңай еместігі баршамызға мәлім. Олар әрдайым спортпен айналысып отыруы керек. Ұлбосын Мұсабекова да спортты жанына серік еткен полицей. 

25-8.jpg

Ал демалыс уақытында ол отбасымен саябақтарда серуендегенді ұнатады. 

Қазіргі таңда кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер түнгі сағат 22.00-ден саябақтарда, аулаларда жүретін фактілер көп тіркеледі. Сол себепті ата-аналарға түнгі уақытта балаларын далаға сыртқа шығармауға кеңес береміз, - деп сөзін түйіндеді полиция майоры Ұлбосын Мұсабекова.

Барлық жаңалықтар