00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Астаналық мемлекеттік қызметшілер Абаймен кездесті

10.08.2023 | 10:00
46
Фото: дереккөз

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде Абай күніне орай мемлекет және қоғам қайраткері, генерал-лейтенант Абай Тасболатовпен «Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту» тақырыбында кездесу өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Кездесуге Мемлекеттік кірістер комитеті және Орталық Кеден зертханасы мен Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Өскемен қаласында орналасқан бөлімдері ZOOM платформасы арқылы қосылды.

Жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметшілердің болашағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы кеңінен сөз болды. Халқымыздың салт-дәстүрлерінен, терең тарихынан тамаша естеліктер айтылды.

Генерал қатысушылардың сұрағына жауап берді. Сондай-ақ Мағжан Жұмабаевтың сөзіне жазылған Сегіз серінің әні «Дайдидауды» домбырамен орындап, әннің шығу тарихын баяндады. 

А.Тасболатов «Жауынгер жазушы ғалым» мемуарлық кітабына қолтаңбасын қалдырып, Оқу-әдістемелік орталығына сыйға тартты.

Барлық жаңалықтар