00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Астанадан Абай облысына гуманитарлық көмек жіберілді

13.06.2023 | 18:00
40
Фото: Василий Крась

Бүгін Amanat партиясы Астана қалалық филиалы жанынан партияластар, ірі кәсіп иелері, жергілікті әкімдік бірлесіп, Абай облысындағы тілсіз жаудан зардап шеккендер үшін гуманитарлық көмек жіберді. Аманаттықтар барлығы 15 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады, деп хабарлады Elorda.info

Жөнелтілген заттарға күнделікті қажетті тауарлар, азық-түлік (сақтау мерзімі ұзақ), дәрілік препараттар және т.б. заттар жатады.

Абай облысындағы төтенше жағдай баршамызға үлкен қасірет. Партиялықтар Абай облысындағы жағдайға алаңдап отыр. «Ел басына күн туса, ер етікпен су кешер» демекші сын сағаттағы партияластарымыз жұмылып, бірлесіп көмек қолдарын созуда. Ама­наттықтар Арыстағы, Мақта­аралдағы және Әулиекөлдегі оқиғалар кезінде зардап шеккен қазақстандықтарға көмектескен болатын. Бұл жолы да шет қала алмаймыз. Көмек қолын созғандар қатарында бастауыш партия ұйымдары, өндірістік кәсіпорындар мен белсенді партияластырымыз бар. Жүк көліктерімен 15 тоннадан астам қажетті жабдықтар бүгіннен қалмай Абай облысына жеткізіледі, - деп атап өтті өңірлік партия филиалы төрағасының орынбасары Сақтаған Сәдуақасов. 

459df587_082d_4830_b94b_58db1a308439_9bee67d125.jpg

Ал, Астана қаласы мәслихатының төрағасы, Ерлан Каналимов: 

Amanat партиясының елордалық филиалында таңертеңнен бастап өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек заттары жиналуда. Депутаттық корпус, кәсіпкерлер, бастауыш партия ұйымдарымен бірлесіп, бүгін Абай облысына гуманитарлық көмек жібергелі жатырмыз. Отандастарымыз көк түтіннің кесірінен көптеген қиыншылықтар көріп жатыр  Барлық қайырымды жандарға алғыс айтамын. Дәл осындай уақытта біз елдігімізді, ауызбіршілігімізді көрсетуіміз керек. Себебі өзгенің басына түскен қиындыққа бейжай қарап, қол қусырып отыруға болмайды. Біз зардап шеккендерге мүмкіндігінше тезірек қалыпты өмірге оралуға жағдай жасап, көмектесуіміз керек. Көмек берушілер қатарында депутаттар, жергілікті кәсіпкерлер мен еріктілер жасақтары қатысуда. Абай облысында еріктілер штабы жұмыс істеп жатыр, біз олармен хабарласып, ең керекті заттарды жіберіп отырмыз, – деді мәслихат хатшысы.

Сонымен қатар, партиялықтар мен «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелерінен еріктілер тобы құрылды, олар Абай облысына қалпына келтіру жұмыстарына қатысу үшін жолға шығады. 

Барлық жаңалықтар