00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Астанада велосипед ұрлығы көбейіп кеткен

19.05.2023 | 22:30
31
Фото: BAQ.KZ

Жыл басынан бері елордада 106 велосипед ұрлығы тіркелді, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы Астана қалалық ПД Жергілікті полиция басқармасының бастығы Арман Айтмағамбетов айтты. 

Жыл басынан Астана қаласының аумағында 106 велосипед ұрланды. Оның ішінде Алматы ауданы бойынша – 36, Есіл ауданы бойынша – 34, Сарыарқа ауданы бойынша – 27, Байқоңыр ауданы бойынша 9 ұрылық тіркелді. Олардың көбі, яғни 47%-ы тұрғын үйлердің подъездерінен, қалғаны үйлердің аулаларынан ұрланған. Оның салдарынан тұрғындарға шамамен 3 млн теңге шығын келтірілді. Ұрланған велосипедтердің орташа құны – 70 мың теңге, - деді ол БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз маслихатында.

Оның айтуынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда велосипед ұрлығы 2 есе өскен. Былтыр осы аралықта 48 факті тіркелген.

Барлық жаңалықтар