00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Астанада тұрғын үйге газ тарту үшін кімдерге және қанша теңге көмек беріледі

24.01.2024 | 11:30
37
Фото: дереккөзден

Жан басына шаққандағы табысы төрт ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын (219 940 теңге ) және өзінде, отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда әрі  Астана қаласы газдандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес газдандыруға жататын жеке тұрғын үйде тұратын азаматтар ала алады. Әлеуметтік көмек төменде көрсетілген санатқа жататын адамдарға көрсетіледі: 

– жасы бойынша зейнеткерлерге;

– мүгедектігі бар адамдарға;

– мүгедектігі бар балаларға;

– көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға;

– жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне беріледі.

Әлеуметтік көмектің көлемі 130 АЕК (479960 теңге) аспайтын газ құбырын орнату және жүргізуге байланысты анықталады.

Ол үшін www.egov.kz веб-порталы арқылы немесе Бейбітшілік көшесі, 9-үйде орналасқан Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына төмендегі құжаттарды қосып өтініш беру керек.

1) жеке куәлік;

2) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;

3) мәртебені растайтын құжаттың көшірмесі (зейнеткерлiк куәлiгi, мүгедектiгi жөнiндегi анықтамасы, балалардын туу туралы куәлігі);

4) жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқығының болмауы (болуы) жөнiндегi анықтама;

5) арызданушының газ құбырын төсеп салуға және орнатуға байланысты нақты шығындарын растайтын құжаттар (сервистік қызмет көрсетуге арналған шарты, жабдықты сатып алу чектері, орындалған жұмыстар актісінің көшірмелері);

6) екінші деңгейлі банктегі немесе «Қазпочта» акционерлік қоғамындағы банк шоты туралы мәліметтер.

Толық кеңес алу үшін төмендегі телефондарға хабарласуға болады:

– «Сарыарқа» ауданы бойынша: 55-14-87, 8(702)546-86-95, 8(701)6216299;

– Алматы» ауданы бойынша: 55-01-74, 8(701)734-83-74.

Барлық жаңалықтар