00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Астанада «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

19.12.2023 | 14:47
37
фото: www.gov.kz

Астанада «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» республикалық бейнесабақтар мен бейне дәрістер байқауының қорытындысы жарияланды, деп хабарлады Elorda.info. 

Байқау аймақтық және республикалық екі кезең бойынша өтті. Айта кету керек, биыл бірінші кезеңге қатысу үшін мұғалімдер өз идеяларын видеоролик түрінде рәсімдеді: сабақтары, практикалық, зертханалық жұмыстары, семинарлар, шеберлік дәрістері, цифрлық білім беру ресурсы немесе бейнеподкаст. Ұсынылатын жобаны педагог өзі дербес немесе командамен дайындау мүмкіндігі берілді.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, алғаш рет бейнесюжеттер пәндер немесе әдістемелер бойынша емес, функционалдық сауаттылық түрлері бойынша әзірленді. Ол 12 бағытты қамтыды: ерте сауаттылық (мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу), оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану сауаттылығы, цифрлық сауаттылық, медиа-ақпараттық сауаттылық, қаржылық сауаттылық, экологиялық сауаттылық, денсаулық мәселелері бойынша сауаттылық (медициналық сауаттылық), әлеуметтік-эмоционалдық сауаттылық, мәдениетаралық сауаттылық және азаматтық-құқықтық сауаттылық.

Қатысушылардың бейнематериалдарын Өңірлік сараптамалық кеңес 7 критерий бойынша бағалады: өзектілік, дәлелділік, пәнаралық интеграция, әдістемелік құндылық, жаңашылдық, сөйлеу мәдениеті және шешендік шеберлік, аудио/бейнематериалдарды беру сапасы.

«Республикалық сараптамалық кеңес жұмысына Өрлеу өкілдері мен конкурстың бағыттары бойынша сыртқы сарапшылар тартылды. Байқау жұмыстарын бағалау Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде, Өрлеу сайтында және өңірлердегі филиалдардарымыздың аккаунттарында ашық және жариялы өтті», - дейді «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығының басқарма төрағасы Еламан Айбулдинов.

Байқау қорытындысы бойынша 92 педагог жеңімпаз болып танылды. 1 орын үшін 150 000 теңге, 2 орын үшін 100 000 теңге және 3 орын үшін 80 000 теңге көлемінде ақшалай сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, әр бағыт бойынша YouTube-те ең көп қаралым жинаған бейнематериалдардың авторлары анықталды.

Барлық жаңалықтар