00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астана – Жітіқара жаңа теміржол қатынасы іске қосылады

11.08.2023 | 05:30
40
фото: ашық дереккөз

3 қыркүйектен бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана – Жітіқара» жаңа теміржол жолаушылар қатынасын іске қосады, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл бағыт Қостанай облысы тұрғындарының өтініштері бойынша ұйымдастырылған.

«Астана – Жітіқара» бағыты бойынша қайта отырғызусыз жүретін вагондар 104 орынға есептелген және күн ара қатынайтын болады. Пойыз Нұрлы жол вокзалынан тақ күндері сағат 19:40-та жөнелтіліп, «Жітіқара»  станциясына жұп күндері сағат 15:56-да келеді,- деп көрсетілген хабарламада. 

Жітіқарадан сағат 18:14-те жұп күндері кері қайтып, тақ күндері елордаға сағат 12:46-да келеді. Пойыз маршруты Көкшетау және Қостанай қалалары арқылы өтетін болады.

Барлық жаңалықтар