00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қарттарды әлеуметтік қолдауға 4,6 млрд теңге бөлінді

26.09.2023 | 12:00
46
Фото: ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қарттар күніне орайластырылған әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.

С.Жақыпованың айтуынша, министрлік егде жастағы адамдарды қолдау, олардың әлеуметтік қызмет көрсету деңгейін арттыру, қоғамдық өмірге тарту бойынша шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Республикада 79 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылып, белсенді жұмыс істеуде. Орталықтардың қызметі егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, өнімді және белсенді ұзақ өмір сүруді ынталандыруға бағытталған, – деді ведомство басшысы.

Бұдан басқа, Қарттар күніне орай Астанада, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Республика күніне орай Ақмола және Павлодар облыстарында аға буын өкілдеріне 2-ден 10 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 234 мың адамға біржолғы материалдық көмек көрсетілетін болады.

Жалпы, биыл жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктерін ескере отырып және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде қарт азаматтарды әлеуметтік қолдауға шамамен 4,6 млрд теңге бөлінді. 

Барлық жаңалықтар