00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қанша қазақстандықтың үйінде домбыра бар?

28.06.2023 | 13:30
58
фото: qaz365.kz

2022 жылы Ұлттық статистикалық бюросы қазақстандықтардың үйінде музыкалық аспаптармен қамтамасыз етілуі бойынша сауалнама жүргізді. Нәтижесінде отбасылардың 9,4 пайызында домбыра, 4,5 пайызында гитара, 1 пайызпернетақталы аспап, тағы 0,8% пайыз басқа да музыкалық аспап бар екені анықталды., деп хабарлады Elorda.info Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық жерлерде үй шаруашылығының 7%-да домбыра, 4,3%-да гитара, 1%-да пернетақталы аспап болса, ауылдық жерде отбасылардың 14,3%-да домбыра, 4,8%-да гитара, 1%-да пернетақталы аспап бар.

Демек, ауыл мен қаланың музыкалық аспаппен қамтылуында айырмашылық тек домбырада ғана байқалады.

Өңірлер бойынша домбыра Алматы облысы тұрғындарында көп кездеседі. Екінші және үшінші орында Маңғыстау және Түркістан облыстары. Ең аз көрсеткіштер Абай өңірінде, мұнда тек халықтың 2,2 пайызында домбыра бар. Гитара Маңғыстау, Қостанай облыстары және Алматы қаласы тұрғындарында  жиі кездеседі. Ең аз түркістандық отбасыларда, небәрі 0,6 пайыз. Пернетақталы музыкалық аспаптар ең көп Қарағанды, Қостанай және Ақмола облыстарында, ал ең төменгі көрсеткіш Маңғыстау облысында байқалады.

Биыл мамырдың қорытындысы бойынша, домбыра мен гитара бір жылда 12,7 пайызға қымбаттаған. Өңірлер бойынша ішекті аспаптар ең көп 43,6 пайызы Батыс Қазақстан облысында, одан кейін Шығыс Қазақстан облысы мен Астанада қымбаттады. Ең аз қымбаттаған өңір Ұлытау және Қарағанды облыстарында. 

Ал музыка сабағы бір жылда 8,6 пайызға қымбаттады. Бағаның айтарлықтай өсуі Батыс Қазақстан облысында тіркелді. Одан кейін Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалды.

Барлық жаңалықтар