00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

«AMANAT» партиясы борышкерлерді оңалту бағдарламасын қабылдауды ұсынды

11.02.2024 | 06:12
45
фото: дереккөзден

Түрлі дерек бойынша, 1,7-2 млн отандасымыздың мойнында 90 күннен астам уақыт төленбей келген несие берешегі бар. Бұл шамамен халықтың 10%-ын және экономикалық белсенді азаматтардың азды-көпті 20%-ын құрайды. Олардың басым көпшілігі бейресми түрде жұмыс істейді. Бұл – онсыз да саны азаймай отырған көлеңкелі экономиканың үлесін арттыра түседі. Сонымен қатар, ондай азаматтар мемлекеттің жеңілдетілген несие бағдарламаларына қол жеткізе алмайды.

«Ең бастысы, оларға балық емес, қармақ беру қажет. Қоғам ондай отандастарымызға қол ұшын созуы тиіс. Сондықтан біз «Ауыл аманаты» жобасының қолданыс аясын кеңейтіп, борышкерлерді оңалтудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдауды ұсынамыз. Ондай азаматтарға арнап өндірістік жабдықтарды алуға мүмкіндік беретін лизинг бағдарламасын ашу, сондай-ақ жоба менторларының бақылауымен қайтарымды грант құралын пайдалану қажет. Егер борышкер 12 ай уақыт мерзімінде қаржы институттарынан алған несиені тұрақты түрде төлеп отырса, ондай азамат «қара тізімнен» шығарылып, заңдастырылуы керек. Осылайша, елдің экономикалық айналымына 1 миллионнан астам адамды қайтару қажет. Өкінішке қарай, бұған мемлекет қолдауынсыз қол жеткізе алмаймыз», – деді партия Хатшысы Эльдар Жұмағазиев.

Барлық жаңалықтар