00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Алматы облысында су қоймасы бұзылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

05.04.2024 | 20:03
83
Алматы облысында су қоймасы бөгеті бұзылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: Nur.kz

30 наурызда Алматы облысында Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылған болатын, деп хабарлады Elorda.info Алматы облысы прокуратурасына сілтеме жасап. 

Нәтижесінде Жармұханбет өзенінің арнасы бойындағы екі көл шамадан тыс толып кетті. Соның салдарынан 12 мыңнан астам адам тұратын 2 елді мекенге су басу қаупі төнді. Тұрғындардың бір бөлігі шұғыл эвакуацияланды.

Ашылған штаб пен уәкілетті органдар мен еріктілердің күштерінің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынған болатын.  

Прокурорлық тексеріс кезінде 10.05.2017 жылы Алматы облысының Қаржы басқармасымен сенімгерлеік басқару шарты негізінде су қоймасы «Л. Петрова» ЖК-не берілді, соңғы баланс ұстаушы Алматы облысының Ауылшаруашылығы басқармасының «Ілеиррегация» СШ МКК болып табылатындығы анықталды, - делінген дереккөз таратқан мәліметте.

 Алматы облысының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижелері бойынша ҚР ҚК 371-бабы (Немқұрайлылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істі тергеу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне тапсырылды.

Барлық жаңалықтар