00:00
Астана -10oC
USD:
447.25
EUR:
485.18
RUB:
4.96
Іздеу

Алматы көшелеріне сапалы асфальт төсеу бақылауда

25.08.2023 | 15:00
100
Фото: дереккөз

 “Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының” Алматы филиалы мегаполис көшелеріне төселіп жатқан жол сапасын өз бақылауына алған, -деп хабарлады Elorda.info орталықтың баспасөз орталығына сілтеме жасап. 

Жол төсеу барысында орталық мамандары құрылыс материалдарының сапасын, жұмыс технологиясын қадағалайды. Тиісті жол төселген соң асфальт қабатынан сынама алып, оның тығыздығы мен су өткізгіштігін, құрамын тексеру де сапа орталығының міндеті. Ал орталық бұл жұмыстарды әкімдікпен келісімшарт негізінде жүзеге асырады.

Бұл күнде қаланың Байзақов-Сәтпаев-Жандосов-Абай көшелерінің қиылысындағы жолайрыққа PR PLAST полимер битум қосылған қиыршық тасты асфальт бетон төселіп жатыр. Филиал директоры Асхат Үсенов pr plast полимерінің ерекшелігін түсіндіріп өтті. 

Алматының әл-Фараби, Абай даңғылдарына жол төсеу кезінде битумға titan полимері қолданылды. Ол АҚШ-та өндірілетін синтетикалық полимер. Ал қазір қолданып жатқан pr plast полимері Францияда өндіріледі. Осы қоспаларды қосу арқылы асфальтбетон сапасын арттыруға болады. Сәйкесінше, төселген жол қабаты да ұзақ уақыт қызмет етеді.- деді филиал басшысы. 

Айта кетейік, 2023 жылы Алматы қаласының әкімдігі ұзындығы 200 шақырым болатын 230 көшенің жолдарын жөндеуге 20 миллиард теңге қарастырған. Бұл қаржы көлемі 2022 жылдың 4 тоқсанында аудан әкімдіктері мен қала тұрғындарының өтініші бойынша бекітіліпті. Ал 2022 жылы қала әкімдігі ұзындығы 189 шақырым жолға 17,5 миллиард теңге жұмсаған.

Барлық жаңалықтар