00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қалада ажырасу саны бір жылда 14,6 пайызға азайды

06.06.2023 | 20:00
41
фото: alau.kz

Биыл  елімізде 24,5 мың неке тіркелді.  Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,6% - ға аз, деп хабарлады Elorda.info Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Қалаларда неке саны жылына 28,1 пайызға, яғни, 15,6 мыңға дейін қысқарды. Ал ауылдарда, керісінше, бірден 55,6 пайызға, 8,9 мыңға дейін өсті.

Соңғы үш айда ажырасу саны 3,9 мыңды құрап, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 5,6 пайызға азайды. Ал қалаларда ажырасу саны бір жылда 14,6%-ға  азайды. Ауылда 36,8%-ға өсіп, 986-ға жетті.

Өңірлік бөліністе ең көп неке Түркістан облысында тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 13,3 пайызға аз. Көшбасшылар үштігіне Алматы және Алматы облысы кірді. Ең аз неке Ұлытау облысында тіркелді, бар болғаны 264. Ажырасудың ең көп саны Алматы, Астана және Қарағанды облысында тіркелді. Ең аз ажырасу Ұлытау, Қызылорда және Атырау облыстарында анықталып отыр. 

Қазақстандықтар арасында жүргізілген ажырасуға қатысты ҚҚДИ әлеуметтік зерттеуі жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша, көпшілігі өз көзқарастарын теріс деп белгілеген. Ел тұрғындарының 39,8 пайызы ажырасуды қолдамайды. 41,3 пайызы ажырасуды жағымсыз құбылыс деп санаса, 12,8 пайызы ажырасу өмірге оң әсер етеді деп ойлайды. Ажырасуды 1,3 пайыз адам қолдайды. Себебі бұрынғы ерлі-зайыптылардың көбі ажырасу өмірлеріне оң әсер еткенін айтады.

Ажырасудың нақты себептеріне мыналар жатады. Ерлі-зайыптылардың бірі алкогольді ішімдік пен есірткіге тәуелділігі, отбасындағы зорлық-зомбылық, құмар ойындарға тәуелділік, опасыздық және ерлі-зайыптылар арасындағы жыныстық бағдарға қатысты ажырасу себептері болады.  

Аударған  Габдсалимова Ақбота

Барлық жаңалықтар