00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Қай өңір тұрғындары көкөністі жиі тұтынады?

28.11.2023 | 14:00
68
фото: BNews.kz

Биыл екінші тоқсанда тұрғындардың көкөніске жұмсаған шығындары орташа есеппен 34,3 мың теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 3%-ға артық, деп хабарлады Elorda.info. 

Energyprom.kz мәліметінше, өңірлер бойынша Түркістан облысының тұрғындары көкөніске ең көп қаражат жұмсаған: 53,8 мың теңге. Одан кейін Қызылорда облысы және Алматы қаласы.Ең төменгі көрсеткіштер Абай облысында тіркелді. Қазанда көкөніс бір айда 1,3%-ға арзандады. Алайда, жылдық динамика бойынша бағаның 17,3% -ға өсуі тіркелді.

Өңірлер бойынша ай сайынғы динамика бойынша көкөніс бағасының ең көп өсуі Қарағанды облысында байқалды — 2,9% пайыз. Жылдық динамика бойынша бағаның ең үлкен өсімі Астана қаласында (35,2%-ға), ең азы Маңғыстау облысында (3,6%-ға) тіркелді.

Көкөніс түрлері бойынша бір айда қырыққабат, сәбіз, қызылша, пияз және картоп арзандаса, қызанақ пен қияр керісінше қымбаттады. Жылдық динамика бойынша қырыққабаттың, сәбіздің, қызылшаның және пияздың бағасы көтерілсе, қызанақ, қияр және картоп бағасы төмендеді.

Барлық жаңалықтар