00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Абай облысындағы өрт: Министр 64 бала қауіпсіз аймаққа эвакуацияланғанын айтты

12.06.2023 | 17:50
32
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Абай облысындағы өрт салдарынан қаза тапқан орманшылардың отбасылары мен жақын туыстарына көңіл айтып, қауіпсіз аймаққа эвакуацияланған тұрғындардың арасында 64 бала бар екенін айтты, деп хабарлады Elorda.info

Министр бұл туралы өзінің facebook-парақшасынджа жазды. 

Абай облысында болған алапат өрт салдарынан қаза болған орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына, жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Бұл барша қазақстандықтар үшін аса ауыр қайғы.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес министрлік бірқатар шаралар қабылдауда. Оқиға орын алған аймақта балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күш жұмылдырылуда. Осы күндері министрліктің аумақтық департаментінің, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің және облыстық білім басқармасының өкілдері балалармен жұмыстар жүргізуде, - деді ведомство басшысы. 

Сонымен қатар Ғани Бейсембаев Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасына асыраушысынан айырылған отбасылармен жеке кездесіп, балалардың психологиялық кеңес алуына, жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалуына барлық жағдайларды ұйымдастыру тапсырылғанын айтты. 

Қауіпсіз аймаққа эвакуацияланған тұрғындардың арасында 64 бала бар. Бүгінде олар отбасыларымен бірге Семей қаласындағы екі колледж ғимаратына орналастырылған.

Сондай-ақ эвакуацияланған 9,11 сынып түлектерінің қорытынды емтиханды кедергісіз тапсыруы үшін барлық жағдай жасалуда — мектеп бітіру емтихандары Семей қаласында ұйымдастырылады.

Апат салдарынан асыраушысынан айырылған отбасы балалары жаңа оқу жылында білім алуын еш кедергісіз жалғастыруы үшін мектеп формасымен, қажетті оқу құралдарымен және ыстық тамақпен қамтылатын болады. Балалардың құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету Министрліктің үнемі бақылауында, - деді министр.

Барлық жаңалықтар