00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қаңғыған итті қорғайтын заң адамдарды неге қорғамайды – Мәжіліс депутаты

05.04.2023 | 12:13
50
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нартай Сәрсенғалиев Премьер – Министрдің ң бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады. Онда депутат «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңнамаға өзгеріс енгізуді ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

Елден хабар алғанда еститініміз: қаңғыбас иттен қорыққан ағайынның арызы. Олардың көзін жояйын десе, бәрі «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңнан зәредей қорқады. Қаңғыбас иттерді ұстаған жауапты орган өкілдері оларды жуындырып, тазалап, екпе салып, қайтадан ұстаған жеріне әкеліп тастайды екен. Екпеден итке ес кірді дегенді естімеп едік, демек бұл нәтижесіз әрекет емес пе?!  Біз қаңғыбас жануарларды қырып салсын деп тұрғанымыз жоқ. Бірақ қаңғыған итті қорғайтын заң адамдарды неге қорғамайды деп сұрағымыз келеді, - деді депутат.

Оның айтуынша, заңды жүзеге асыру үшін 2022 жылға 1485, 6 млн теңге қарастырылған. Сондай-ақ оған жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөлінеді. 

Бірақ уәде етілген Оқшаулау орталықтары, вакцинация, басқа да жұмыстар толық жүргізілмей жатқанын көзіміз көріп отыр. Оған бірнеше мысал бар. Түркістан облысында ит қапқан бала құтыру ауруынан көз жұмған. Алматы облысы Талғар ауданында ауладан шығып кеткен танадай ит кішкентай балақайдың бетін, арқасын және жамбасын тістеп тастаған. Жануар иесі кішкентай қыздың ата-анасына 30 мың теңге беріп құтылмақ болған. Бірақ құзырлы орган өкілдері сол баяғы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға сілтеме жасап, иттерді атпаймыз деген, - деді депутат.

Мәжіліс депутаты бұл заңға өзгеріс енгізуді ұсынды.

Ұсынысымыз: «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңнамаға өзгеріс енгізіп, заңды іске асыру кезінде кеткен кемшіліктерді жою үшін министрліктің, басқа да өкілетті органдардың құқықтық-нормативтік актілеріне, бұйрықтарына түзетулер енгізіп, осы олқылықтарды шұғыл жою қажет, - деді Нартай Сәрсенғалиев.

Сәбина КӘКІМЖАН 

Барлық жаңалықтар