00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Ақмола облысында жылқылар аштан өліп жатыр

13.02.2024 | 03:49
74
Фото: дереккөзден

Малы аштан қырылып, қолдан келер қайран таппаған жылқышылар жанайқайын жеткізді. Қыста жаңбыр жауып жер беті тоң болып қатып қалған. Соның салдарынан Біржан сал ауданында бір үйірдегі 53 бас жылқы аштан өлген. Осындай жағдай өңірдегі барлық елдімекендерде қайталанып жатыр. 

Олардың айтуынша, биыл іш тастаған мал да көп. Ал Зеренді ауданындағы Бірлестік, Дөңгілағаш, Қоныспай ауылдарының төрт түлігі де шетінен құлап жатыр екен. Алайда аудан билігі аштан қырылып жатқан малға жем-шөп жеткізуге асығар емес дейді ашулы ауыл халқы. 

 «Жылқылар құлап жатыр. Жағдай өте қиын болып тұр. Үкіметтен ешқандай шара жоқ. Бүкіл жылқышылардың жанайқайы бұл. Ағайын, көмек сұраймыз», - деді жылқышы Темірбек Ғалымов.

Барлық жаңалықтар