00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

80 жастағы қария 5 жасар қызға алма беріп, ұялы телефонын алып кеткен

15.05.2023 | 19:30
53
Фото: дереккөз

Жамбыл облысында 80 жастағы қария 5 жасар қызға алма беріп, алдау арқылы ұялы телефонын алып кеткен, деп хабарлады Elorda.info ІІМ-нің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Байзақ ауданының полиция бөліміне 5 жасар қыздың анасы шағымданып, белгісіз қарт кісінің кәмелетке толмаған қызының смартфонын алып кеткенін хабарлаған. 

Күдікті бағасы 132 мың теңге тұратын гаджетті бүлдіршіннен алдау арқалы алмаға айырбастап алған, - дейді аудандық полиция бөлімінің өкілдері. 

ІІМ қылмыстық қодекстің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді. 

Ведомство ақпаратынша, 80 жастағы ер адам ұсталып, өзінің кінәсін толық мойындаған. Сонымен қатар қариядан ұялы телефон тәркіленген. 

Барлық жаңалықтар