00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

«7-20-25» бағдарламасын тоқтатуға болмайды – Азаматхан Әміртаев

14.06.2023 | 13:00
46
Фото: Сұлтан Сейіт

Елімізде «7-20-25» бағдарламасын қаржыландыру 5 есеге қысқартылды. Бұл туралы бүгін елордада өткен «Әлеуметтік сұраныс 7-20-25» атты дөңгелек үстел барысында «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

2018 жылдан бері «7-20-25» әлеуметтік ипотекалық несиелендіру бағдарламасы жұмыс істеп, қазірдің өзінде 65 мыңға жуық отбасы әлеуметтік ипотекалық баспанаға қол жеткізді. Алайда биылдан бастап бұл бағдарламаны қаржыландыру бес есе қысқартылды. Мұндай жағдай экономикаға зиянын тигізіп, осы бағдарлама бойынша баспана ала алмайтын еңбекке жарамды халықтың наразылығын туғызады. Бұл бағдарламаны қаржыландырудың қысқаруы көптеген отбасылардың жеке баспана алудан үмітін үзуі мүмкін, - деді Азаматхан Әміртаев.

dbd51db6-978e-4ee1-8a74-0865c207ad53.jpg

Жиынға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Астана қаласы әкімдігі, құрылыс компанияларының өкілдері және т.б. қатысты.

Барлық жаңалықтар