00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«7-20-25» бағдарламасымен 70 мыңға жуық адам баспаналы болды

28.07.2023 | 14:00
40
ашық дерекөз

27 шілдедегі жағдай бойынша, жыл басынан бері «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 932,3 млрд теңгеге 69 143 қарыз берілді, деп хабарлады, Elorda.info 

Бұл туралы Ұлттық банктің сайтында жарияланды   

 Аталған бағдарламамен баспана алу үшін ең көп өтінім Астана қаласында берілген. Олардың саны 24 840. Елорда тұрғындарына 389,4 млрд теңгенің қарызы мақұлданған. Екінші орында Алматы қаласы тұр.. Оңтүстік астанада 13 778 өтінім қабылданып, Ол үшін 212,4 млрд теңге қарыз берілген. Үшінші мегаполис Шымкентте –  64,3 млрд теңгеге 5 234 өтінім қабылданды,-делінген Бас банк берген мәліметте.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша толық ақпаратты «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-ның ресми интернет ресурсынан алуға болады.

Барлық жаңалықтар