00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«7-20-25» бағдарламасы: Өтініш қабылдау қашан басталады

15.01.2024 | 14:00
76
фото: egemen.kz

Қазақстанның орнықтылық қоры «7-20-25» бағдарламасына арналған алғашқы транш – 25 млрд теңгені дайындап қойды. Алғашқы тоқсан лимиті жеті банкке бөлінеді, бірақ әзірге олар өтініш қабылдап жатқан жоқ, деп хабарлады Elorda.info 24.kz-ке сілтеме жасап.

24.kz арнасының хабарлауынша, «7-20-25» бағдарламасымен жұмыс істейтін жеті банктің ешбірі биыл өтініш қабылдау қай кезде басталатынын нақты айта алмаған. Тек Қазақстанның орнықтылық қоры лимит шамамен қашан ашылатынын түсіндірді. 

Банк менеджерлері жиі хабарласып, ресми сайтты бақылап отыруға және банк бөлімшелеріне жиі баруға кеңес берген. 

Freedom банк операторларының сөзінше, алдын ала өтініш беріп қоюға болады, кезек келгенде олар сізге қайта хабарласады. Мәселен, былтыр желтоқсанда банк қызметкерлері сәуірдегі өтініштерді рәсімдеген. Қазақстанның орнықтылық қоры банктер траншты күтпей-ақ, жеке қаражаты мен мүмкіндігі есебінен қарыз беретінін атап өтті. Содан кейін ғана қор бұл несиелерді сатып алады. 

Екінші дәрежелі банктер әлі өтініш қабылдауды бастаған жоқ, себебі ішкі операциялық жұмыстар жүргізіп, лимитті бөлімшелерге бөліп жатыр. Сонымен қатар қор қаржы ұйымдарының жұмысына араласуға құқы жоқ, сол себепті бұл процесті жеделдетуге де әсер ете алмайды. Қазақстанның орнықтылық банкі банктер жаңа өтініштерді ақпанның ортасынан бастап қабылдауы ықтимал деп болжап отыр. 

Ұйымның баспасөз хатшысы Айбар Олжаевтың сөзінше, банктердің өтініш қабылдауды бастамағанына 4 тоқсан өтініштері өңделіп жатқаны себеп болған. 

Бұған дейін қабылданған өтініштер толық қаралып біткен соң ғана лимиттің қалған бөлігі есептеліп, сол бойынша жаңа өтініш қабылданады, деп атап өтті ол. 

«7-20-25» бағдарламасы іске қосылғалы 6 жыл ішінде банктер 900 млрд теңгеден астам сомаға 70 мыңнан астам қарыз берген. Жеті оператор ішінде берілген несие саны бойынша ЦентрКредит банкі көш бастап тұр. 30 мыңнан астам ипотека қарызын берген. Екінші орында Freedom Finance банкі болса, үшінші орынды Халық банк иеленіп тұр. Форте және Еуразиялық банктер рәсімдеген өтініш саны 200-ден сәл ғана асыпты. 

Барлық жаңалықтар