00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

500 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

20.07.2023 | 08:00
67
Фото: ашық дереккөз

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай  бойынша 98,8 мың отбасындағы 517,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл  осы мақсаттарға бюджеттен 67,3 млрд теңге бөлінді.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жыл – 5175 теңге) ауыстырылды.

2023  жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 157,9 мың балаларға қосымша төлем тағайындалды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Барлық жаңалықтар